Басты Әлем Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

1254
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп отыр. Бүгінге дейін әлемде 3 миллионнан астам коронавирус кейсі анықталса, 218 мың адам сол вирустан өлген.
Вирустың бірінші толқынынан Қытай, Тайван, Оңтүстік Корея, Сингапур сынды елдер өтті. Кейбіреулерінде коронавирустың екінші толқыны қайта басталып та үлгерді. Ал Испания, Италия және АҚШ сынды елдер шарықтау шегінен өтіп, кейс сандарын аздап төмендете алды. Бірақ, әзірге, минимумға дейін жеткізе алған жоқ.
Батыс Еуропа елдері мен АҚШ пандемияны ауыздықтаудың үш түрлі сценариін қарастырыпты:

№1. Сюрреалистік сценарий

Ол азаматтардың бетпе-бет жүздесуден максимум арылып, 100 пайыз халықтың үйінен шықпай отыру арқылы вирусты толық жоюды білдіреді. Өздеріңізге белгілі, бұл мүмкін емес. Себебі, адамдардың барлығы бірдей жауапкершілікпен қарап, үйінен мүлде шықпай қоймайды. Арамызда вирустың бар екенін сенбейтіндер де бар. Оларға ешнәрсе өзгермегендей жүре береді. Одан басқа, жауапкершілігі бар адамдар минимум болса да қарым-қатынас жасайды. Ең болмағанда дүкенге барады немесе итін серуендетіп, басқа адамдармен интеркоммуникацияға енеді. Мұндай сюрреалистік сценарийдің жүзеге асырылғанымен, халықтың әл-ауқаты төмендеп, бүкіләлемдік бұрын соңды болмаған дағдарыс орын алады.

№2. Реалистік сценарий

Ол ешқандай карантин енгізбей, бұрынғы өмірді жалғастыра беру арқылы вирустың адамзатқа толықтай жұғуы. Осылай коронавирусты жұқтырып, аман қалғандар бір жылға дейін қорғайтын иммунитет қалыптастырады. Ал денсаулығы нашарлау, жасы үлкен адамдар жаппай қырылады. Есесіне ешбір ел экономикалық қиындық көрмейді.

№3. Рационалды сценарий

Ол экономиканы да құлдыратпай, адам өлімін де барынша азайту арқылы пандемияны жеңу. Бірақ бұл адамзаттың вакцина табылғанға дейін тұрақты түрде бұрынғы өмірге орала алмайтынын білдіреді. Мысалы, короaнавирус тарала бастағанда карантин шаралары 30-45 күнге енгізіледі. Ал вирустың таралуы бәсеңдегеннен кейін адамдар қайтадан жұмысына оралып, бұрынғыша өмір сүре бастайды. Мұндай кезде, әрине, вирус қайта тарай бастайды. Ол кезде тағы 30-45 күнге карантин енгізіледі. Коронавирус таралуы тағы бәсеңдегеннен кейін карантин шаралары қайтадан алынып тасталады. Осылай адам баласы ауысыммен вакцина табылғанға дейін өмір сүруге тиіс.
Батыс Еуропа елдері мен АҚШ осы үшінші сценарийді таңдап отыр. Себебі, көп уақытқа дейін адамдар үйлерінде міндеттеп отырғыза алмайды. Сосын халықтың әл-ауқаты да төмендейді. Тіпті дамыған елдерде көмекке зәру халықтың барлығына ұзақ уақыт бойы қаржылай қолдау көрсете алмай отыр. Мысалы, АҚШ-тың пандемияның кесірінен зардап шеккен халықты, оның ішінде бизнес өкілдерін қолдау үшін 4 триллион долларға жуық қаржы бөліп отыр.АҚШ тарихында алғаш рет федералды бюджет дефициті ЖІӨ-нің 20 пайызына жетіп қалды. Сондықтан, Трамп бизнес секторын мамыр айынан ашуды бастамақ.

Дереккөз:informburo.kz

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com