ЖАСТАРДЫ ӘДЕПТІЛІК ПЕН АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

668

Жастардың қалыптасуына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту – бұл құбылыстың маңызды факторы,  қоғамдық санаға, құқықтық және саяси мәдениетке байланысты түпкі себептерді жою арқылы осы мәселені шешуге ықпал етеді.

Осы орайда, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының жол — көлік колледжі студенттерінің арасында колледж ұстазы А.Мамырханованың жетекшілігімен қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында онлайн ісшарасы өткізілді.

Студентерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы кеңінен түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы, мемлекетімізде қабылданған бағдарламалар мен түрлі шаралар туралы таныстырылды.

Кез келген өркениет­ті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзек­ті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іші­нен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­рып, ұлттық қауіпсіздік­ке қауіп — қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтары­ның бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Әрбір Қазақстан Республи­касының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. Сон­дықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

А.Мамырханова, Шымкент жол-көлік колледжі.