Жастар тәрбиесі – жалпыға ортақ

706
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданды Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналдық полиция қызметкерлері №31 орта мектептің оқушыларымен кезекті рет кездесті.
Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Оның қызметі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады.
Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау мен нығайтудың басты міндетінің бірі–бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы айтылды.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығын түсіндірді.
Кәмелет жасына толмағандар түнгі уақытта көшеде немесе қоғамдық орындарда жүру ережелері, жолда өзін ұстау мәселелері талқыланды. Жасөспірімдерді бос уақытында спорттық іс-шараларға баулу және олардың уақытын тиімді пайдалану бойынша кеңес берілді.
Алдын алу жұмысының маңызды бөлігі жасөспірімдерді құқықтық мәдениетке үйрету болып табылады. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.