ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 01 қазан күні, сағат- 18:00 де Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі Еcілбек Досбол Күздікбайұлының қатысуымен «Жастар ресурстық орталығының» Еңбекші ауданы бөлімшесінің қызмет көрсету мүмкіндігімен танысып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын нақтылады.
Жастар кеңесіне, Еңбекші ауданы әкімі Еcілбек Досбол Күздікбайұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитетінің төрағалары, жастар ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастар қатысты.
Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов орталықтың жұмыс барысымен яғни, жастарға қызмет көрсету бөлімі, коворкинг залы, психологиялық қызмет көрсету бөлімі және оқырман залы бойынша жұмыс жасайтындығымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастардың бос уақыт тиімді пайдалану мақсатында спорт түрлерінен үйірмелер ашылып жатқандығын айтып өтті.
Орталықтың жұмыс барысымен танысып болған соң, жастар кеңесін құру мүшелігіне жастарды енгізу, ауданында жастарға арналған спорт алаңшаларын ретке келтіру және аула клубтарының қызметін ұйымдастыру, жастар арасында нашақорлық, қылмыспен құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылдау, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттау және жүзеге асырылуын ұйымдастыру барысы талқыланды.
Мәжілісті қорытындылай келе айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзіліп тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізілді.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.