«ШАХМАТ — АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ» АТТЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

1313

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен №6 Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі студенттері арасында «ШАХМАТ — АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ» АТТЫ шахмат, шашка ойындарынан тәжірибелік сағат өткізілді.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде жастар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны  зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойлдарын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.