ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖАСТАРҒА ФУТБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

680

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен Құрсай елді-мекенінде шалғай елді-мекенде орналасқан жастарға футбол ойынынан арнайы жарыс өткізілді.

Шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, шалғайда орналасқан жастарды спортқа тарту, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.