2025 ЖЫЛЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР САНЫН 33 %-ҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

863
Шымкент – саламаттылыққа бет түзеген қала. Шаһарда бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын қолжетімді ету мақсатында алдағы бес жылда 6 спорт кешені салынады. 2021 жылы бұл мақсатта 2 жоба іске асты.
Қалада 2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2021 жылы 31, 2022 жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы 33 пайызға артпақ.
2021 жылы 6 стрит-воркаут алаңын апйдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде, 7 воркаут алаңы халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, шаһарда 5 жылда 80 шағынауданда спорт секциясын ашу көзделуде. 2021 жылы 37 спорт секциясы ашылды.
Одан бөлек, 2021 жылы 73 спорт алаңын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.