ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТІ СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ

704

Шырайлы қаламызда бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріліп келеді.   Еліміздің намысын талай байрақты бәсекелерде қорғап  жүрген спортшыларымыздың басым бөлігі Шымкент қаласынан екенін мақтанышпен айтамыз. Осындай спортшы жастарымыздың бірі  «Д-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес Софья Берульцева Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті олимпиадалық лицензияға ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші деп танылып отыр.  Айта кету керек, каратэ спорт түрі ретінде алғаш рет Токиодағы төрт жылдық ойындарда ұсынылады. Оңтүстік мегаполисте 3 каратэші аталған жарыста ел намысын қорғайтын болады, олар  Дархан Асадилов, Данияр Юлдашев және Софья Берульцева да  өнер көрсетеді. Шымкент қаласының қоржынында Токио Олипиадасына 10 жолдама, ол жолдамаларды ұтып алғандардың бесеуі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  студенттері екенін мақтаныш етеміз.  Софья Берульцеваға сәттілік тілей отырып, тек жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.