Отан отбасынан басталады

3177

«Отан отбасынан басталады» #childrenrightskz, #balaqorgau, #bala_qorgau, #otbasysagary деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды. 15 мамыр — халықаралық Отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Отбасы, махаббат және адалдық күні — біздің өміріміздің негізгі күні, ең жарқын және шынайы сезімдер күні. Барлық Қазақстандықтарды шын жүректен Отбасы күнімен құттықтаймыз! Өзіңнің отбасыңды сақта, бір-біріңе сеніңдер және жақсы көріндер, отбасыларыңа қамқор болыңдар. Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын!