Сот Атамбаевты экс-шенеуніктерге ірі сомада өтемақы төлеп беруге міндеттеді

1058
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жоғары қызметте болған бұрынғы шенеуніктерге тіл тигізгені үшін оларға өтемақы төлеуге міндеттелді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Бішкектің Октябрьский аудандық соты Атамбаевты экс-депутат Ахматбек Келдібеков, бұрынғы бас прокурор Азимбек Бекназаров пен МҰҚК-нің экс-басшысы Кенешбек Дуйшебаевқа намысы мен абыройына нұқсан келтіргені үшін оларға 100 мың сомнан беруге міндетті.
Сондай-ақ, «Апрель» телеарнасының үстінен де сотқа арыз түскен, бірақ одан материалдық шағым алынды. Арызданушылар бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді. Енді Атамбаевтың қорғаушылары соттың шешіміне қатысты жоғарғы инстанцияларға шағымданбақ.
Бұрынғы шенеуніктер Алмазбек Атамбаевтың былтыр қарашада «Апрель» телеарнасына берген сұхбатына наразы болған. Мұнда Атамбаев жоғарыда аталған шенеуніктерге қатысты пікірін айтқан болатын.