«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді», — дейді Асхат Аймағамбетов.
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, holanews.kz-ке сілтеме жасап.
«Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті.
Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұдан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», — деді министр.
Оның айтуынша, клиникаға дейінгі сынақ нәтижесі аталған вакциналардың қауіпсіз екендігін көрсеткен.
«Алдын ала нәтижелері өте жақсы. Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», — деді Асхат Аймағамбетов.