Елімізде білім беру саласы бойынша ең жемқор өңірлер анықталды

849

Аяқталған сот істері бойынша белгіленген шығынның сомасы – 254 миллион теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның білім саласындағы ең жемқор өңірлерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2019 жылы білім беру қызметкерлеріне қатысты сот ісінде 164 іс қаралған болатын. 2020 жылы бұл көрсеткіш 201-ге дейін артты. 107 қылмыстық іс сотқа жолданып, 35 адам сотталды.

Аяқталған сот істері бойынша белгіленген шығынның сомасы – 254 миллион теңге. Оның 236 миллионы өтелді. 2019 жылы қаржының 25 миллионы қайтарылған.

«Талдауларға сүйенсек, білім беру саласында жемқорлыққа анағұрлым бейім аймақтар: Шығыс Қазақстанда — 30, Түркістан облысында — 28, Маңғыстау облысында — 20, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтанда — әрқайсысы 16 факт», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров.