«Ұйғырдың да, өзбектің де тойын білеміз. Олар қазақтар сияқты топырлап бір жерге жиналмайды. Тойға олар кезек-кезегімен келіп, бір-екі шым-шым палауын жейді де, кете береді», — дейді ол.
Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков «топырлап тойға бара берсек, бұл індеттен құтылу қиын», — дейді. Қаламгердің өзі де мерекелік жиындарға баруды шектеген, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Оның айтуынша, карантин тәртібі ешкімге оңай соғып жатқан жоқ. Бірақ, жағдайға түсіністікпен қарап, кей әдеттен уақытша бас тартқан абзал.
«Ұйғырдың да, өзбектің де тойын білеміз. Олар қазақтар сияқты топырлап бір жерге жиналмайды. Тойға олар кезек-кезегімен келіп, бір-екі шым-шым палауын жейді де, кете береді. Ал біз түгел жиналғанша күтіп отырамыз. «Аяғына дейін отырамыз, ұят, болмайды. Барамыз», — дейміз. Сөйтіп, індетті біз ушықтырып отырмыз», — дейді Дулат Исабеков.