Шымкентте Консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті

931
Шымкент қаласының прокуратурасында заңдылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша Консультативтік кеңес қалыптастырылды,деп хабарлайды Ardak.kz.
Консультативтік-кеңесші органды «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Викторовна Пак басқарады. Сонымен қатар, кеңес құрамына прокуратура органдарының ардагерлері, депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері кірді.
Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттеріне құқық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Жұмыс барысында аймақтағы негізгі проблемалық мәселелерді талқылау, қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу жоспарлануда.
Кеңес мүшелерімен өңірге тиесілі бірқатар заңбұзушылықтарды талқылау барысында, қылмыспен бірлесіп күресу жолдарын табу үшін халық пен құқық қорғау органдарының арасындағы сұхбат алаңының маңыздылығы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы бірлескен жұмыстардың қажеттілігі аталып өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Консультативтік кеңестің ережесі және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.
дереккөз:Шымкент қаласының прокуратурасы