Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді

1083
Зебихон Қадырова осыдан он жыл бұрын өзінің жеке мәліметтерін әлдекім келісімшартқа енгізіп, банктен кредит алған болуы мүмкін деп үдіктенеді Сот Алматы қаласының тұрғынын кредит келісімшарты бойынша 45 миллиард теңге (111 миллион доллар) қарызды төлеуге міндеттеді.
Әйел ақшаны қарызға алмағанын және банкпен ешқандай келісім жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы».
«Бұл не сот жүйесінің қателігі, не шектен шыққандық. Барлық органға жаздым. Мен анамын, жалғыз өзім бес жасар баланы тәрбиелеп жатырмын. Пәтерім ипотекаға алынған, әңгіме қандай ақша туралы болуы мүмкін. Шоттарымды бұғаттап тастады, тіпті ипотекамды да төлей алмай отырмын», — дейді Зебихон Қадырова.
Ол он жыл бұрын өзінің атынан белгісіз біреу кредит алған деп күдіктеніп отыр. Ол кезде әйел заңгердің көмекшісі болып жұмыс істепті.
«Ол шетелде болғандықтан, бұл келісімге қол қоймаған. Оның осы кредиттік істерге қатысы бар екенін растайтын бірде-бір құжат жоқ. Біреу оның паспорт мәліметтерін алып, осы келісімге жазған», — дейді адвокат Талғат Мылтықбаев.
Алматылық келіншек Жоғарғы сотқа шағымдана алады, бірақ заң бойынша ол талап арыздың 1%, яғни 450 миллион теңге (1,1 миллон доллар) мемлекеттік баж салығын төлеуі керек.
«Іс аудандық соттың қарауына берілді. Қазір сот ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», — деп түсіндірді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Зебихон Қадырова мен оның адвокаты істі қайта қаратпақшы.