Жүсіпбек Өзбекұлы профессор атанды

1658
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жүсіпбек Өзбекұлы ҚОНАРБАЕВ Шымкент университетіндегі дене шынықтыру және спорт кафедрасын 17 жыл бойы тапжылмастан басқарып келеді. Ол студенттер арасынан сегіз Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 17 спорт шебері, бірнеше спорт шеберіне үміткерлер мен дәрежесі үздік спортшыларды тәрбиелеп шығарды. 70-тен астам ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік еңбектердің және бір монография, бес оқу құралының авторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері. «Білім саласындағы ерекше еңбегі үшін», Оңтүстік Қазақстан облысы «Quermet-AB» қоғамдық қорының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі республикалық кеңес еліміздің оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін оны Білім беру саласының үздігі Құрметті атағын берген.
Осындай ізгілікті де игілікті еңбектерін ескере келіп доцент Жүсіпбек Өзбекұлы ҚОНАРБАЕВҚА университетіміздің профессоры атағын беруді жөн көріп отырмыз. Әріптесімізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілейміз!
Шымкент университетінің ұжымы.