Ентігу пайда болса, ол – жүрек ауруының белгісі. Бұл жайлы кардиолог Гүлжан Жаңалықова «Айқын» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Тілшінің «Қазір дәрігерлер «инфаркт жасарып жатыр» деп дабыл қағуда. Шынымен де, көп адам жүрегі ауыратынын кеш біледі. Осылайша, өмірімен қоштасып жатқандар көп. Жалпы, жасырын жүрек ауруының қандай да бір белгілері бола ма?» деген сұрағына:
«Иә, егер ентігу пайда болса, ол – жүрек ауруының белгісі. Бірақ кейбір науқастарда ешқандай шағым болмайды. Сол себепті де жылына 1 рет экг, эхокг, холестерин, лпнп, кардиолог кеңесін, зерттеу әдістерін өту өте маңызды», — деп жауап берді дәрігер