Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.
«Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды», — деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.
Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр, деді Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.