Өзбек нокаутшы Батыр Жүкембаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

963

Бірінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Шохжахон Эргашев (19-0, 17 КО) қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (18-0, 14 КО) жекпе-жектен бас тартыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxingscene.com және Boxing News инсайдері Шон Намның мәліметінше, Эргашевке қазақ боксшымен айқас үшін 25 мың доллар ұсынылған екен.

«Бірқатар мәлімет көзі MTK Global Шохжахон Эргашевтың карьерасымен айналыса бастағанын хабарлады. Сот құжаттары оның промоутері Дмитрий Салита боксшыға қарсы келісімшарты бұзу мен былтыр Ресейде жұдырықтасқаны үшін екі арыз түсіргенін көрсетіп отыр.

Ол құжаттар бойынша Эргашев Showtime трансляторында Гэри Антуан Расселмен 50 мың және Батыр Джукембаевпен Ring City трансляторында 25 мың долларға жұдырықтасудан бас тартқан. Бұл шағым бойынша Эргашев IBF рейтингінен де шығып қалуы мүмкін», — деп жазыпты Нам твиттер желісінде.