«БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫ 11 АЙДА 42 972 АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

1114
Шымкент қаласында осыдан 2 жыл бұрын ашылған «БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ» орталығы 11 айда 42 972 адамға қызмет көрсеткен.
Қызметті алғандардың қатарында 15 094 көп балалы ана болса, 16 315-і әлеуметтік тұрмысы төмен азаматшалар. Ал басқа да санаттағылар саны 11 460-тан асқан.
Оларға онлайнда 358, офлайнда 42 614 рет жеке кеңестер беріліп, мұқтаждықтары бойынша жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, «Еqov.kz» порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, «aleumet.egov.kz» сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б. көмектер көрсетілген.
569 азаматқа психологиялық жәрдем берілсе, 417 анаға құқықтық кеңестер берілді. Бұл жұмыстар осымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жалпы институт құрамындағы «Бақытты жанұя» орталығы тиісті әлеуметтік штаттық бірлікте жұмыс істейді. Мекеме бағыты — аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі