Испанияда тұрғындар корольге балшық пен тас лақтырды

931

Испанияда болған су тасқыны қазірдің өзінде 272 адамның өмірін қиды. Испания королі Фелипе VI және оның әйелі Летиция  жағдайды көру үшін Валенсиядағы су тасқыны аймағына барды.

 

 Король мен жұбайы премьер-министр Педро Санчеспен және аймақтық президент Карлос Мейсонмен бірге Пайпортоға келген.

Алайда патшаны жұрт қошеметпен емес балшық, тас, бөтелке, таяқ лақтырып қарсы алды. Олар корольді жеткілікті көмек көрсетпей жатыр деп айыптады. «Қанішер» деген сөздер де естіліп қалып жатты.

Күзетшілер корольді қауіпсіз жерге апаруға тырысты, бірақ одан нәтиже шықпаған. Көпшілік корольдің  кетуіне рұқсат бермеді. Полицейлер жағдайды бақылауға алу үшін атқа мінген офицерлерді шақырды.

Айта кетейік, Испанияның оңтүстік-шығыс аудандарында тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейінгі алапат тасқыннан Валенсия провинциясы, Кастилия-Ла-Манча ауданы мен Андалусияның шығысы қатты зардап шекті. Бұл елде 1957 жылданбергі ең алапат тасқын деп бағалануда. Осыған орай елде 3 күн аза тұту күні жарияланды.