Армияның күші бойынша мемлекеттердің рейтингін U. S. News порталы құрды. Қазақстан тек үшінші ондыққа кірді. Ал Орталық Азия елдерінің арасында екінші орында тұр.
Рейтингте әлемнің 89 елінің армиясы кірген. Бұл жолы Қазақстан Ливан мен Кувейт ортасында 22-орынды тізгіндеді. Рейтинг құрастырушылар Ресей Федерациясының Қарулы күштерін бірінші орынға, одан кейін АҚШ армиясын, үшінші орынға Израильді қойды. Рейтингтің соңғы орнында Сингапур тұр.
Айта кетейік, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан Өзбекстанды басып озды – бұл елдің қарулы күштері рейтингте 19-орында тұр.