Алаяқтық үшін сотталған әнші Гаухар Әлімбекова ақталып шықты

1728
Әлімбекова мен Ордабаеваның арасында алдын-ала астыртын келісушілік болмаған.
Алматыда алаяқтық үшін алты жылға сотталған әнші Гаухар Әлімбекованың апелляциялық арызын қарау аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, апелляциялық сот алқасының шешімімен Феруза Ордабаева мен Гаухар Әлімбековаға қатысты шыққан сот үкімі өзгертілді.
– Әлімбековаға қатысты үкімнің күші жойылды. Ол ҚР ҚК 190 бап, 4 бөлім, 2 тармағы бойынша (астыртын келісім бойынша топтасып жасалған аса ірі көлемдегі алаяқтық) ақталды. Сот қаулысы бойынша, Әлімбекованың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақталған әншінің қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз әрекеттерінен келген шығындарын талап ету құқығы бар.
Сот түсіндіргендей, Әлімбекова мен Ордабаеваның арасында алдын-ала астыртын келісушілік болмаған. Іс материалдары бойынша, Әлімбекованың өзі Ордабаева тарапынан жасалған алаяқтық салдарынан ақшасы мен пәтерінен айырылған.