«Наурыз – Думан!» мерекесі

2321
Тарихы тереңге кеткен қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен көркем фольклорлық туындылары бала өнерін өркендетіп, қоғамның рухани жетілуіне, жарқын болашаққа жол көрсетері анық.
Асыл қазынамыз, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде бала бойына жинаған тәрбиелік құндылықтарды насихаттау негізінде Түркістан облысы, Төле би ауданы, Зертас елді мекенінде орналасқан ЖШС ««Ақбота-Ару» бөбекжайы» балабақшасында 2019 жылдың 17 сәуірінде «Наурыз – Думан!» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараны Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы ЮНЕСКО Клубтарының аймақтық өкілдігінің төрайымы, Шымкент қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің директоры Оразова Тойаш Балтакаревна мен Төлеби аудандық жас туристер станциясының директоры Қуандықов Еркін Балғабайұлы ашып берді. Өнер ордасының өнерлі өрендері бірі би билесе, енді бірі ән айтып қонақтарға қуаныш сыйлады. Қонақжайлылық қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Мереке барысында Зертас ауылының әкімі Серікбаев Лесбек Әуесханұлы мен Білім бөлімінің әдіскері – Маржан Үшкемпірова өздерінің ізгі ниет тілектерімен бөлісті.