ТҰРҒЫНДАРҒА «КАРТАЛЫҚ ЖҮЙЕ» БОЙЫНША ОҚЫРМАН БИЛЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

570

Шымкент қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен жаңа «Карталық жүйе» іске қосылған болатын. Осыған орай 30 тамыз Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және ABAY COMMUNITY CENTR орталығының ұйымдастыруымен қала тұрғындарына анкеталар толтырылып, оқырман билеттері таратылды.

Шараның мақсаты -оқырмандарды ынталандыра отырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Карта түрлері әр-бір карта деңгей ретінде қарастырылған және деңгейі жоғарылаған сайын берер жеңілдіктері артады.
Атап айтқанда: WHITE CARD, BLUE CARD, SILVER CARD, GOLD CARD, DIAMOND CARD.

Картадан картаға өту ережелері WHITE CARD картасын алу керек. Ол үшін кітапхана оқырманы болып, тек анкета толтырсаңыз болғаны.