Бокстан Белградтағы (Сербия) әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қазақстан құрамасы сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов алтын, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс медаль еншіледі. Ал ұлттық құрама капитаны, 67 келідегі Абылайхан Жүсіпов қола медальға ие болды.

Жалпы командалық есепте Куба топ жарды. «Бостаңдық аралының» өкілдері 3 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді. Екінші орында Қазақстан орналасса, үздік үштікті АҚШ құрамасы қорытындылады. Олардың еншісінде 2 алтын, 2 күміс медаль бар.

Сонымен қатар Жапонияда екі алтын, Ресей, Әзірбайжан, Франция, Украина құрамаларында бір-бір алтыннан бар.

Алғаш рет Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) әлем біріншілігіне қомақты жүлде тағайындады. Бұл чемпионатта топ жарған боксшы 100 мың доллар, күміс жүлде алған 50 мың доллар, ал қолаға іліккендер 25 мың доллардан алды. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры — 2,6 миллион доллар.