МАҚТАУ ЕСТІГІШ САПАРБАЕВ, «ПАТША» БАТАЛОВ: КӘРІ ӘКІМДЕР «ТАҚТАРЫН» БОСАТА МА?

1136

Қазақстан билігі үкіметті отставкаға жіберіп, депутаттар сайлап, министрлерді тағайындап тастады. Жаңарған мәслихаттар құрамы мен министрлерді қоғам белсенділері «ескі ойыншылар»деп сынға алды. Кезек әкімдерде. Кім кетеді, кім қалады? Мамин үкіметтің жасы келген жауынгерлерін зейнетке жібере ме? Зейнет жасынан асса да ат үстінде жүргендер кімдер?

Амандық Баталов, Алматы облысынің әкімі.

Биыл 69 жасқа толатын шенеунік Өзбекстандағы Нүкіс қаласында  туған.

Баталов бір орында ұзақ отырып қалған әкімдердің бірі. Зейнеткер-шенеунік жеті жылдан бері бір орында тапжылмастар отыр. Тіпті одан алматылықтар жалыға бастады. Аймақ басшысының халық арасында «патша әкім» деген аты бар. Бірақ жасы келген әкім зейнетке кетуге асығар емес.  Алматылықтар жас басшы күтеді.

2020 жылы Баталов әкімдігі туристік бағыттарды дамыту, ұлттық саябақтарды құру, ауыл шаруашылығын дамыту және ҚХР-мен трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстарына басымдық берді.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысынің әкімі.

Қызылорда облысының тумасы 9 ақпанда 68 жасқа толады. Халық арасында «Сапарбаев басқарған аймақтың бірінші бордюрі өзгереді» деген тіркестер жиі айтылғанымен шенеунік сұқбаттарында отбасылық бизнесінің жоқтығына сендіруге тырысады.

апарбаев – ескі биліктің «жауынгері». Мәңгілік елдің «мәңгі жас» шенеунігі. Жасы келсе де ат үстіне түспей жүргендер қатарында. Қазақстанның бірінші президентінен жиі мақтау еститін, Тоқаев сын айта алмайтын әкімдердің бірі.  Ол жастардың алдын орап, алғашқы болып, вакцина салдырған еріктілер қатарынан табылды.

Машбекұлы 2020 жылдың ақпанынан Жамбыл облысын басқарады.  Сапарбаев әкімдігі өткен жылы Масанчи ауылын қалпына келтіру, аймақтағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес пен аймақтық экономиканы әртараптандыру жұмысына басымдық берді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Павлодар облысының тумасы 66 жаста.

Соңғы кезде Даниал Ахметов туралы жиі сөз болып жүр, Шенеунік жеті жылдан бері бір креслодан «тұрған жоқ».

Ахметов әкімдігі өткен жылы Ресей Федерациясы және ҚХР-мен трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылығын және Алакөлдің туристік инфрақұрылымын дамытуға жұмыстанды.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын қосқанда  Қазақстанның 14 облысын 17 әкім басқарып отыр.

Ескерту: Ақпараттар ашық дереккөздерден алынды.