ІТ – келешегі кемел сала

5609
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «2011-2020 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру-мелекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде.
Бүгінде ІТ саласы мамандарына сұраныс жоғары. Технология тілін түсінетін, оны бес саусақтай білетін жандарға жұмыс жетіп артылады. Болашақта да бұл сала мамандарына сұраныс артпаса, кемімесі анық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында осы тақырыпқа арнайы тоқталған болатын. ІТ саласын дамыту керек екенін алға тартты. Президент жүктеген тапсырманы орындауға зор жауапкершілікпен кіріскен «Нұр Отан» партиясы білім беру саласын цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек оқыту үшін еліміздің түкпір-түкпірінде ІТ сыныптар мен ІТ орталықтар ашу ісін қолға алды.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» «Электроника және ақпараттық технологиялар» бөліміндегі есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығы бойынша «Техник» біліктілігін алып шыққан жас маман әр түрлі салада ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы. Аталған бағыт аясында кәсіптік техниктерді, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары – көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істей алады.
Технологияның тілін меңгеру – заман талабы. Маман болып қалыптасу – жас түлек болашағының даңғыл жолы. ІТ саласы – болашағы зор мамандықтардың бірі. Оны меңгеру — жас түлектерді заман ағымымен жетелері анық. Себебі кез келген өзге маман иесіне де технология тілін білу – аса маңызды.
Электроника және ақпараттық жүйелер
кафедрасының оқытушысы Мұсалиева Рабиға