«АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ» ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

1528

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Арт-терапиялық» жаттығулар ұйымдастырылды.
Мақсаты — өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениеті мен жағымды эмоция қалыптастыру.
Жаттығу жұмыстарына Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және «Азимед» колледжінің студент жастары қатысты.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.