Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастырумен «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе отырып жастарға саз балшықтан қыш құмыра жасау жолдарын үйрету бойынша шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағының мақсаты– саз балшықтан бұйымдар жасаудың қыр-сырымен таныстырып, жастардың осы өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қыш өнері, саз балшық мүсіндерін насихаттау.
Шара барысында, М. Әуезов атындағы оқу орыны студенттеріне қыштан жасалатын бұйымдар технологиялық қасиеттеріне байланысты негізгі шикізат болып табылатындығын, техникалық қыш жекелеген түрлерінің қасиеттері саздан және технологиялық әдістерін қолданып, оларға шикізатты өңдеу, қыш массаны дайындау, өнімді шығару, кептіру және күйдіру жұмыстары жүргізілетіндігі жайлы айтылды. Сонымен қатар, саз балшықтан әр түрлі қыш құмыралар жасауды үйренді.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.