Жас отбасы жаңа өмірге үйрену үшін қандай кеңестерді білген жөн?

2091
Жас отау құрған отбасы мүшелері жаңа өмірге үйренісуі үшін уақыт қажет.
Осы орайда кей отбасылар арада жыл өтпей-ақ айрылысып кетіп жатады.
Сондықтан, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Шымкент қаласының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мынандай кеңестерді сіздерге ұсынады.
1.Кішігірім нәрселерге назар аудармаған жөн.
Мысалға, егер күйеуі жұмыстан кеш шығып әйеліне ескертпесе, онда әйелі күйеуімнің мені құрметтемегендігі деп қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл дұрыс тұжырым емес! Сол үшін осындай кішігірім жағдайларға назар аудармауға тырысыңыз.
2. Сенім – бұл күшті, бақытты қарым-қатынастың негізі.
Егер сіздің отбасыңызда сенім болмаса, араларыңызда түсініспеушілік, ұрыс-керіс жиі болады. Мысалы, әйеліңіз үйге гүлмен келіп, оны жұмыста лауазымының жоғарылауымен құттықтады десе, демек ол солай, басқа ештеңені ойламаңыз.
3. Мансап (карьера) – бұл екеуіңізге де тиесілі жұмыс .
Бір-біріңізге жұмыс істеуге кедергі жасамаңыз, жақсы жұмыс істесеңіздер бір-бірлеріңізге қолдау білдіріңіздер! Себебі осының барлығы отбасыңыздың болашағы үшін пайдалы!
4. Жұмыс пен отбасы арасында тепе-теңдік сақтаңыз.
Олар бір-біріне кедергі жасамауы керек. Уақытыңызды жоспарлағанда, жұмыс пен отбасыға уақытты дұрыс бөліңіз. Себебі екі жаққада дұрыс көңіл бөліу қажет.
5. Сынамаңыз!
Әрине, қарым-қатынаста конструктивті сын болу керек, бірақ шектен шықпаған жөн! Және де, сыннан кейін күйеуіңіздің көңілін көтеріп, оған қолдау көрсетуді ұмытпаңыз!
6. Үйлену тойынан кейін жас отбасыда көңіл бөлу.
Егер отбасылы болған соң бір-бірлеріңізге көңіл бөліу азайып кетсе, ренжімеу керек, өйткені үйленгеннен кейін үй шаруасы пайда болады, жас жұбайлар бірге тұруға үйренеді. Осындай кездерде көп түсініспеушіліктер болуы мүмкін, уақыт өте келе барлығы орнына келеді, сол үшін тек шыдам керек.
7. Үйде бірге көбірек болған жөн.
Күн сайын бір жерге барып демалу міндетті емес (кино,театр, сауда орталығы). Ең дұрысы және кереметі- уақытты бірге үйде өткізу.
8. Ашу-ұрыс керіс кезінде, ренжісеңіз де, қатты сөздер айтпағаныңыз жөн. Ашуыңызды басып, мәселені кейін талқылаңыз.
9. Отбасыңыздағы маңызды мәселелер бойынша әрқашан бір-біріңізбен ақылдаса отырып,ортақ шешімге келуге тырысыңыз. Аптасына бірнеше рет отбасылық кешкі ас ұйымдастырыңыз.
10. Көңіл бөлгенде — әр қашан бір-біріңізден тек жақсы қырларыңызды іздеңіздер.Қызықты сәттерді еске алып, отбасыңызға көңіл бөліңіз.