36 ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БЕКЕТТЕРІНЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚТАР ҮЛЕСТІРІЛДІ

1026
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясы “30 Қайрымды іс” жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі
Қайрат Сүлейменов және «Пища жизни» дәмхана желісінің қолдауымен, сондай-ақ Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 36 вакцинациялау бекеттеріне ыстық тамақтар үлестірілді.
Жобаның мақсаты: Ақ халатты абызал жандарға осынау індет белең алып тұрған кезеңде талмай еңбек етіп, халыққа аянбай көмек қолын созып жатқандары үшін, үлкен құрмет көрсету болатын.