ЖАС КӘСІПКЕРМЕН СҰХБАТ

1202
Түймебек Бейбарыс — Шымкент қаласының жас кәсіпкері, 7 жыл IT саласы бойынша жемісті жұмыс жасап жүрген “ЕҢ ҮЗДІК БАҒДАРЛАМАШЫ-2020” дипломының иегері.
Шымкент қаласында 33 емханаға «Ақпараттық киоск» яғни QR код инновациялық программасын орнатқан алғашқы жас кәсіпкер. Қазіргі таңда 4 компанияның негізін қалап, 17 компаниямен бизнес серіктес болып отыр.
Бейбарыс Түймебек: «Бұл жүйенің ерекшелігі әрбір емделуші өзінің арыз-шағымын қалдыра алады. Және де бұл ақылды емхана жүйесінде жаңа инновациялық дүние болып отыр. Кез-келген емделуші әрбір медициналық мекемеде QR код тұрады. Сол QR код қосымшасын жүктей отыры, өзінің арыз-шағымын, пікірлерін алдыра алады. Бағалауды 5 шакаламен қойып отырмыз. Біздер заман талабына сәйкес, IT бағытын дамытып отырмыз. Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  жаңадан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 жоба ұйымдастырылып отыр, сол жобаның жеңімпазы атандым. Қала  жастарын IT жобасына шақырамын. Қазіргі таңда жаба жобалар қосылып жатыр әрі жаңа академия ашылыу үстінде. Барлық ақпараттарды біздің сайттан білуге болады».