Жас отбасы – мемлекет тірегі

1259

«Жас отбасы» — күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады.

Бүгінде Шымкент қаласындағы жас отбасылардың жағдайы қалай? Жастар арасында белең алып отырған ажырасудың алдын — алу бойынша қалада қандай жұмыстар жүргізілуде?

Шымкент қаласында 2021 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша отбасы құрған жастар саны – 650 (2020 жылы – 462). Жас отбасылар арасында ажырасқандар саны – 16 (2020 жылы – 20). Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, отбасын құрған азаматтардың үлесі 188 жасқа артқан.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар. Бірақ, көп жастар сол сөздің байыбына бара бермейтін сияқты. Үй болудың қандай болатынын жас кезінен санасына сіңіру мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталығы қаладағы «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығымен бірге көптеген іс-шаралар жоспарын түзген. Бірнеше рет жастармен кездесіп, оларға отбасын құрған соң туындауы мүмкін кедергілер, ықтимал қиындықтар жайлы, отбасылық құндылықтар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің де салдарымен орталық мамандары күресіп келеді. Өкінішке қарай, ерте жүктілікпен (2021 жылғы наурыз айындағы көрсеткіші бойынша) 92 жас тіркелген.