Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, жастарымыз тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп, бүгінде тек алға ғана ұмтылуы керек.
Жалпы, Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында бірнеше жобалардың қолға алынуы жоспарланып отыр.
Осы орайда, қаладағы жастар ресурстық орталығы биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастарға біраз серпін беріп жатыр. «Үздік жастар премиясы» 2011 жылдан бері дәстүрге айналғаны белгілі. Биыл сол салтанатты іс-шараны тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай 30 премия ұсынып, өзгеше форматта өткізуді жоспарлап отырорталық мамандандары. Бұл жолы бұрынғыдай тек құжат өткізіп, оны комиссия көріп қоя салмайды. Қатысушылар әлеуметтік желі арқылы дауыс жинайды. Екі жақтың да пікірі ескеріледі.
Жастарға арналған жоба көп. Қазіргі күні жоспарланған жоба саны – 17. Соның бірі – «Шымкент жастар лигасы» Қазақстанда алғаш рет біздің қаламызда ұйымдастырылды. Мектептегі ұстаздар да «осы лига дәстүрге айналса» деген өтінішін айтуда. Қыркүйек айында лиганы университет пен колледж арасында өткізуді жоспарланып отыр.