ЖАСТАР МЕРЕКЕ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

612
Елдік мақсат қазақты ұлы жолға салғалы да ширек ғасырдан асып барады. Осы жолда рухымызды асырған, ар-ожданымызға айналған рәміздеріміздің жөні бөлек.
Бүгін, Шымкент қаласы білім басқармасының Саз колледжі және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ- мен бірлесе ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» атты іс-шара өтті.
Шымкент қалалық Саз колледжінің «Қазақ халық аспаптар» бөлімінің студенттері қоғамдық көліктерде күй тартып қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сылап қайтты.