“Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран”

1107
Бүгін, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өтті.
Жастардың қатысуымен патриоттық шеру ұйымдастырылып, қоғамдық көліктерде, саябақтарда әнұранды қосылып шырқап, аялдамалар мен қоғамдық көліктерде Елтаңба мен Ту пішінінде құттықтау қағаздары жабыстырып қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шеруге Маслихат депутаттары мен фракция мүшелері, Jas Otan жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.