ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУ: ТҰРҒЫНДАРДАН КЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР 100 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

721

Шымкентте ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес, 22 500 бас уақ мал, 12 836 бас мүйізді ірі қара, 1 425 бас жылқы, 2 059 бас шошқа және 9 бас түйе ауыл шаруашылығы жануарларына бiрдейлендiру жұмыстары жүргізіліп, ветеринариялық есепке алынды.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың көктем, күз мезгілінде бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы 95 299 ірі қара мал бүркіліп, 88 030 бас уақ мал тоғылды. 1 950 000 шаршы метр қора-жай мен оларға жапсарлас және 375 750 шаршы метр буферлік аумақтарға залалсыздандырылды.
Айта кетейік, өткен жылы 40 000 бас қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап, жансыздандыру жоспарланған болатын. Алайда қала тұрғындарының 3580 өтініші бойынша, қаңғыбас 37 256 бас ит және 7 311 бас мысық ауланып, көрсеткіш 111,4 пайызға орындалды.
Мегаполисте 8 мал қорымының (биотермиялық шұңқыр (6 типтік үлгіде, 2 қарапайым) аумағы биіктігі 2 метрден кем емес дуалмен және бөгде адамдар мен қаңғыбас жабайы жануарлар кіре алмайтындай етіп арнайы қақпа орнатылған. Барлық биотермиялық шұңқырлар ветеринариялық талаптарға сай және мемлекеттік акті құжаттары рәсімделген.

Сондай-ақ шаһарда сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Аталған ветеринариялық объектілерді су алу қаупі жоқ.

«Шымкент келбеті»