«Халық банк» Динара мен Тимур Құлыбаевтарға 96 млрд теңге төледі

747

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ 2021 жылдың қортындысы бойынша дивидендтер төлеуін аяқтап бітті. Банк бұл туралы ресми хабарламаны Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберді, деп хабарлайды Экспресс К.

«Халық банк» Динара мен Тимур Құлыбаевтарға 96 миллиард теңге төледі Бұл туралы @dala inside Telegram-каналы жазды.

Ондағы мәліметке сенсек, «Халық банк» 2021 жылдың табысы есебінен акционерлеріне 138,6 миллиард теңге төлеген. Қазір банктің 69,52% үлесі «Алмэкс» холдингі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаеваға тиесілі. Ал 28,51 пайызын Лондон қор биржасындағы инвесторлардың атынан The Bank of New York ұстап отыр.

Әр жай акцияға 12,71 теңгеден дивиденд берілді. Жалпы, «Халық Банк» 2021 жылы 460 миллиард теңге таза табыс алған болатын.