ТҮРКІСТАН: «Адалдық елшілері» жобасы іске қосылды

1699
Елшілер мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған креативті ұсыныстарды Департаментке жолдап отыратын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі аясында, алғаш рет жастар арасында «Адалдық елшілері» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұсыныс банкі форматында өткен ерекше жиынға Департамент басшысы, облыстық Жас Отан жастар қанаты, «Түркістан – адалдық алаңы» Жобалық кеңсе қызметкерлері барлық аудан, қаладан келген елшілер қатысып, оларға түрлі мотивациялық тренингтер өткізілді.
Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев сыбайлас жемқорлықтың пайда болу және даму тарихына тоқтала отырып, бұл індеттің зардаптары туралы өмірлік мысалдар келтіріп, жастарды тұрмыстық сыбайластыққа қарсы тұруға бағыттады. Сондай-ақ, электрондық үкіметтің жемқорлықтың алдын алудағы маңызына жеке тоқталып, телеграмм-бот мобильдік қосымшасымен жұмыс жасаудың тиімділігі айтылды.
Айта кетсек, бұл жоба аясында елшілер мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған креативті ұсыныстарды Департаментке жолдап отыратын болады. Сондай-ақ, елшілер осы іспеттес бас қосуды келесі жолы табиғат аясында тоқсанына 1 рет өткізуді ұсынды. Кездесу соңында белсенді жастар өз аймақтарында «Цифрлы Қазақстанның» электронды мүмкіндіктерін насихаттауды міндеттеріне алды.
Айта кету керек, «Адалдық елшілері» – белсенді, патриотты және азаматтық ұстанымы биік, қоғам өміріне бей-жай қарамайтын адал жастар.