Қазақ боксшысы қарсыласын небәрі 70 секундта нокаутқа түсірді – видео

468

Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ол қазірдің өзінде екі титулдық жекпе-жек өткізіп үлгерді

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) бірінші орта салмақтағы WBC International чемпионы титулын сәтті қорғады, деп хабарлады Sports.kz.

Құлахмет Дубайда (БАӘ) өткен бокс кешінде Венесуэладан келген Эбер Рондонмен (20-0, 13 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда Құлахмет бірінші раундта – 70 секундта нокаутпен жеңіске жетті, оған дейін қарсыласын нокдаунға түсірді. Тұрсынбай Құлахмет – Эбер Рондон жекпе-жегінің видеосын төменде көруге болады.

Осылайша, Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ол қазірдің өзінде екі титулдық жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ал Рондон кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.