ШЫМКЕНТТЕ 4647 ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

1229
Шымкент қаласында жыл басынан бері этностар шоғырланған жерлерде мақсатты топтармен 45 кездесу және 18 іс-шара, сондай-ақ, лекциялар мен ашық дәрістер ұйымдастырылды.
Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 6 айлық жұмысы туралы есебінде атап өтті.
Есепті мерзімде қаланың қоғамдық-саяси ахуалы мен этносаралық қатынастар саласына теріс ықпал еткен оқиғалар тіркелген жоқ.
Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 239 986 жас бар. Бұл қала халқының 22,3 %-ын құрайды. Қалада студент жастар үшін 40 жатақхана жұмыс істейді. Жатақханамен қамтылған студенттер саны – 7 554.
2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған жастар саны – 4647 (2020 жылы 3620 жас). Оның ішінде уақытша жұмыспен қамтылған жастар – 2520, бос жұмыс орындарына жолдама берілгені – 1603, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алған жастар саны – 524.
Қала бойынша 48 жастар ұйымы тіркелген, оның 21-і белсенді қызмет етеді (43,7%). Жастарға арналған іс-шараларды жүзеге асыруға және жастар қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақсатында 2021 жылы 9 жоба қаржыландырылды.
Шымкент қаласында 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жастар арасында 426 қылмыс (2020 жылы 620 қылмыс) тіркелген. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 194 қылмысқа төмендеген.
Сонымен қатар, Қазақстан Рсепубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 15 тақырыпта жаңа апталық бағдарламалар әзірленуде. Көпшіліктің көзайымына айналған «Ақжүніс» отбасылық бағдарламасы шілде айынан бастап апта сайын көрермен назарына ұсынылмақ.