ТӘРТІП САҚШЫСЫ — ЧЕМПИОН!

182
Бүгінде құқық қорғау саласында қызметімен бірге спортты да қатар алып жүрген жастар қатары көптеп кездеседі.  Бүгінгі кейіпкеріміз Махамбетов Нұржан — Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы тағылымданушысы, қатардағы полицей жауынгерлік джиу — джитсу спортынан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
Джиу-джитсу спорт түрінен Қазақстан құрама командасының мүшесі. 2020 жылы «COMBAT JIU-JITSU» және «NOMAD MMA» байқаулары бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған. Көптеген турнирлердің жүлдегері қазіргі уақытта кәсіпқой рейтингке қабылданғаны тағы бар.
Айта өтейік, Нұржан Жұмағалиұлы 1999 жылы ОҚО Ордабасы ауданы, Ықыластемір ауылының қарапайым отбасында дүниеге келген. ІІО-на 2020 жылы қазан айында қабылданған. Сол уақыттан бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің атынан түрлі байрақты жарыстарға қатысып, намысты қолдан бермей келеді. Бүгінде жүзден жүйрік атанған жеңімпаз шымкенттік полицейлердің мақтанышына айналған.
Осы орайда спортта жеңіс тұғырынан көрініп, бұдан да үлкен спорттық биіктіктерді бағындыруды тілейміз!