Түркістанда «Әз Наурыз» концерттік бағдарламасы өтті.

1036
Ұлыстың ұлы күніне арналған «Көктем шуағы» күнінде Түркістан қаласындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры «Тарлан» вокалды аспапты ансамблінің «Әз Наурыз» концерттік бағдарламасы өтті.
Мереке аясындағы әсем әндер Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетсек, «Тарлан» вокалды-аспаптық ансамблі 2010 жылдың қаңтар айында құрылған. Ансамбль құрамында 1 дирижер, 8 орестр әртісі және 4 вокал әртісі бар. «Тарлан» ансамблінің репертуары  халық әндері, ретро және заманауи шығармалармен толыққан.
Ансамбль 2010 жылдың маусым айында Сарыағаш қаласында өткен «Сырлы саздар» атты  облыстық байқауға қатысып «Бас жүлдені» иеленсе, 2017 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында өткізілген «Бізге қымбат әуендер» атты аймақтық вокалды-аспапты ансамбльдер байқауында бірінші орынды иеленген.