ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

631

Ынтымақтастық пен ізгілікке, татулық пен бірлікке бастайтын бұл күні қалада « Алғыс айту – асыл қасиет» атауымен түрлі форматта мерекелік шаралар өтуде. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби алаңынан Достық үйі жанындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне қарай «Алғыс керуені» жолға шықты.

Екі түйе, 10 аттан құралған керуенді басқармаға қарасты мекемелердің әртістері бастап келді. Керуен қоржынындағы ұлттық тағамдар қаламыздың дамуына атсалысқан түрлі сала қызметкерлеріне, тұрғындарға
мерекелік тарту ретінде үлестірілді. Сән-салтанатты керуенді күтіп алу рәсімі мерекелік концертке ұласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі