ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

980

Бүгін қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен мекемеаралық мәжілісте жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғаларының жай-күйі талқыланды. Құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және аудан әкімдері қатысқан отырыста жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кешенді шаралар пысықталды.

Бүгінде қаламызда жол-көлік оқиғаларының өсуі байқалуда, бұл жағдайлар әсіресе жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру қажеттігін көрсетіп отыр.

— «Жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден өтуін алдын алу мақсатында көшелерде қосымша кедергілер, жол белгілері орнатылуы қажет. Сонымен қатар, барлық жаяу жүргіншілер өткелдері заманауи талаптарға сай болуы керек, проблемалы көшелерде бақылау камералары орнатылуы тиіс. Екі аптадан кейін тағы жиналамыз, тапсырмаларды орындамағандар қатаң жауапкершілікке тартылады. Бұл мәселе қатаң бақылауда, – деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Айдын Мейрамбекұлы көлік жүргізушілерінің мәдениетін арттыруда, осы бағыттағы шараларды жандандыруда жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі