«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

869
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастарды еңбекке құрметпен қарауға, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында Елбасының бастамасымен «Еңбек жолы» конкурсы өтеді. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады. Қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Аталған конкурстың жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу 2-кезеңнен тұрады. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша бiрiншi, екiншi, үшiншi орындарды анықтайды.
Атап айтқанда:
«Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар, ең үлкен әулет таңдалады.
«Өндiрiстiң үздiк жас жұмыскерi»- өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
«Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi тәлiмгер таңдалады.
Конкурстың әр номинациясы бойынша жеңiмпаздарға 1-орынға — 1 миллион теңге, 2-орынға — 500 мың теңге, 3-орынға — 200 мың теңге мөлшерiнде сертификаттар берiледі.
Қосымша ақпараттар үшін Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі: +7 (7252)27-38-35,) мекен-жайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89.