Трамп Ақ үйде ауызашар берді (фото)

847
АҚШ-тың президенті Доналд Трамп Ақ үйде ауызашар жасады деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі. Аталмыш ауызашарға бірнеше елдің мұсылман дипломаттары мен Түркияның Вашингтондағы елшісі Сердар Кылыч қатысты. 
Кейін Трамп мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтап, сөз сөйледі.
Трамп
«Рамазан айы бүкіл мұсылмандар үшін ортақ мейрам. Мен үшін Ақ үйде ауызашар өткізу үлкен құрмет деп санаймын», — деді Трамп.
АҚШ-та соңғы 20 жылда әр ораза айы сайын ауызашар өткізіліп тұрады. Алайда Трамп президенттік мерзімінің алғашқы жылында ауызашар өткізбеген еді. 2018 жылдың 5 маусымында Трамп Ақ үйде ауызашар жасады.