Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық қаһарманы атанды

802
Сонымен қатар, Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын Жұлдыз» белгісін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
«Қазақстан президенті ретіндегі шешіміммен тұңғыш президент – Елбасыға «Алтын Жұлдыз» ерекше айрықшылық белгісін тапсырып, ел дамуына сіңірген еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағын беремін», — деді Тоқаев.
Осыдан кейін ол Назарбаевтың кеудесіне «Алтын Жұлдызды» тақты.
Сонымен қатар, Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды және тұңғыш президентке ескерткіш салуды ұсынды.