«Арты жақсылық болмайтыны анық»: Трамп Қытайға ескерту жасады

1294
Помпео сол жолы да АҚШ басылымдарының болжамдарын жоққа шығармайтынын және басты назарға алмайтынын жеткізген.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай коронавирусты саналы түрде таратқаны анықталса, жағдайы қиындайтынын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Bairaq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 
«Біз тексеріп жатырмыз. Көреміз не боларын. Егер бұл саналы түрде жасалған әрекет болса, арты жақсылық болмайтыны анық. Екі нұсқа бар: бірі – олар мұны бақылаудан шығарып алды, екіншісі – саналы түрде таратты», — деді Трамп.
Біршама уақыт бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайдан коронавирус туралы ақпарат ашықтығын талап еткен. Помпео сол жолы да АҚШ басылымдарының болжамдарын жоққа шығармайтынын және басты назарға алмайтынын жеткізген.
Ал ҚХР СІМ коронавирус тарай бастаған күннен Қытай ақпарат ашықтығы позициясын ұстап келе жатқанын алға тартады.